О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2003 года N 1260 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн: көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: 10 "Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" деген функционалдық топта: 212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген әкiмшi бойынша: 029 "Ауыз сумен жабдықтау объектілерiн салу және қайта жаңарту" деген бағдарламада: 100 "Ауылдық елдi мекендердi ауыз сумен жабдықтау объектілерiн салу және қайта жаңарту, соның iшiнде инвестициялық жобаларға" деген кiшi бағдарламада: "Алматы облысы Жамбыл ауданы Аққайнар кентiнде су құбыры желiлерi мен құрылыстарын қайта жаңарту" деген жолдағы "160640" деген сандар "120000" деген сандармен ауыстырылсын; "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ертiс селосының су алу скважиналары, көркейту, су құбыры желiлерi" деген жолдағы "52680" деген сандар "37700" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Түгiскен ауылының су құбыры желiлерiн қайта жаңарту 30620"; "Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қарағаш ауылының су құбыры желiлерiн қайта жаңарту 25000".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.