О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2003 года № 1260 и от 26 декабря 2003 года № 1327 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысына : көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 04 "Бiлiм" функционалдық тобында: 225 "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" әкiмшiсi бойынша: 011 "Бiлiм беру және ғылым объектiлерiн салу және қайта жаңарту" бағдарламасында: "балаларды сауықтыру лагерiнiң" деген сөздер "оқу-сауықтыру орталығының" деген сөздермен ауыстырылсын; "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбек арқылы оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығының" деген сөздер "Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына : көрсетiлген қаулыға 197-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде: 010-бағдарламада: 7-бағандағы "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" деген сөздер "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға 198-қосымшада : 011-бағдарламада: "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде: 5-бағанда: "балалар сауықтыру лагерiнiң" деген сөздер "оқу-сауықтыру орталығының" деген сөздермен ауыстырылсын; "Жетiлу проблемасы бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiптiк еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-тәжiрибе орталығының" деген сөздер "Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-бағандағы "Жетiлу проблемасы бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-тәжiрибе орталығы" деген сөздер "Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақта: "балалар сауықтыру лагерiнiң" деген сөздер "оқу-сауықтыру орталығының" деген сөздермен ауыстырылсын; "Жетiлу проблемасы бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiптiк еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-тәжiрибе орталығының" деген сөздер "Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға 203-қосымшада : "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде: 016-бағдарламада: 7-бағанда "Мүмкiндiгi шектеулi балаларды әлеуметтiк-педагогикалық қолдаудың ғылыми-практикалық орталығы" деген сөздер "Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.