О внесении изменений в постановление акимата области от 12 ноября 2003 года № 203 «О Межведомственной комиссии по борьбе с преступностью и коррупцией при акимате Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» облыс әкімінің 2003 жылғы 12 қарашадағы №203 қаулысына өзгертулер енгізу туралы
«Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27 бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 28 бабына сәйкес және облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдарындағы жетекші кадр құрамындағы өзгерістерге байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 акпандағы №30 (2004 жыл 12 наурыз т/н № 1188, «Солтүстік Қазақстан» 2004 жыл, 21 сәуір, «Северный Казахстан» 2004 жыл 26 сәуір), 2004 жылғы 5 сәуірдегі №56 (2004 жыл т/н №1213, «Солтүстік Қазақстан» 2004 жыл 21 сәуір, «Северный Казахстан» 2004 жыл 26 сәуір) және 2005 жылғы 31 мамырдағы №154 (2005 жыл 29 маусым т/н №1590, «Солтүстік Қазақстан» 2005 жыл 4 шілде, «Северный Казахстан» 2005 жыл 4 шілде) қаулыларымен енгізілген өзгертулер және толықтыруымен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы қылмыспен жәңе сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» облыс әкімдігінің 2003 жылғы 12 қарашадағы №203 қаулысына (2003 жыл 23 желтоксан т/н № 1085, «Солтүстік Қазақстан» 2004 жыл 12 қаңтар, «Северный Казахстан» 2004 жыл 12 қаңтар) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Бекішев Хамит Шарлатбайұлы - Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры (төраға орынбасары келісім бойынша)
Иванищев Александр Васильевич - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығы, Тәртіптік Кеңес төрағасы (келісім бойынша)
Қыдырқожаев Наурызбай Ражанұлы - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы жөніндегі департамент (қаржы полициясы) бастығы (келісім бойынша)
көрсетілген құрамнан Корчагин Виктор Михайлович, Нұрғазин Нұрлан Қадырұлы, Шишацкий Василий Васильевич шығарылсын;
4 тармақ келесі редакцияда берілсін:
«Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы М.К.Мырзалинге жүктелсін».
Келісілді:
Солтүстік Қазақстан
облысының прокуроры
Х.Бекішев
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігінің
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша басқарма бастығы,
Тәртіптік Кеңес төрағасы
А.Иванищев
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
жөніндегі дедартамент (қаржы
полициясы) бастығы
Н.Қыдырқожаев