О внесении изменений в совместное решение Костанайского областного маслихата и акима Костанайской области от 12 сентября 2003 года № 324/12 св «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в октябре-декабре 2003 года», номер государственной регистрации 2484 Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 324/12 бр «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2003 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 2484, бірлескен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы № 785 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кейбір мәселелері» қаулысына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы әкімінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 324/12 бр «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2003 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2484, «Қостанай таңы» 2003 жылғы 19 қыркүйек № 107 және «Костанайские новости» 2003 жылғы 23 қыркүйек № 142) бірлескен шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 3-тармақтың 1), 6) тармақшаларындағы «әскери комиссариаттарға» деген сөздер «қалалар мен аудандардың қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік басқару жергілікті органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 4-тармақтың 2) тармақшасындағы «облыстық әскери комиссариатпен (И.Е. Лосьев)» деген сөздер «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесімен (Д.Қ. Жұмабаев)» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 5-тармақтағы «облыстык әскери комиссариаттың» деген сөздер «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) 6-тармақтағы «Облыстық әскери комиссариат (И.Е. Лосьев)» деген сөздер «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесі (Д.Қ. Жұмабаев)» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 5
5) 7-тармақтың 3) тармақшасындағы «облыстың әскери комиссариаттарынан» деген сөздер «қалалар мен аудандардың қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік басқару жергілікті органдарының шақыру учаскелерінен» деген сөздермен, «әскери комиссариаттардың» деген сөздер «қалалар мен аудандардың қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік басқару жергілікті органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 6
6) 8-тармақтағы «облыстық әскери комиссариаттың» деген сөздер «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 7
7) Шешімнің 1-қосымшасындағы облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамына енгізілсін
Жұмабаев Дүйсембай Қималиденұлы
- Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, комиссия төрайымының орынбасары;
аталған құрамнан шығарылсын
Лосьев Игорь Евгеньевич