О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 июля 2004 года N 197 "Об утверждении Правил выдачи разрешения на открытие банка, выдачи согласия на открытие филиалов банка и открытия, закрытия расчетно-кассовых отделов банка и Правил выдачи, приостановления и отзыва лицензии на проведение банковских и иных операций, осуществляемых банками" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Банктi ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келiсiм беру және банктiң есеп айырысу-касса бөлiмдерiн ашу, жабу ережесiн және банктiк әрi банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргiзуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 12 шiлдедегi N 197 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi одан әрi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Агенттiк Басқармасының "Банктi ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келiсiм беру және банктiң есеп айырысу-касса бөлiмдерiн ашу, жабу ережесiн және банктiк әрi банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргiзуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 12 шiлдедегi
N 197 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3034 тiркелген, "Қаржы хабаршысы" N 10 журналында 2004 жылы жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Аталған қаулымен бекiтiлген Банктi ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келiсiм беру және банктiң есеп айырысу-касса бөлiмдерiн ашу, жабу ережесiнде:
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
"1) жеке және заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргiзу";
18-тармақтағы "дербес және шағын кәсiпкерлiк, микробизнес субъектiлерiн қоспағанда, заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдамайды, банк шоттарын ашпайды және жүргiзбейдi, сондай-ақ заңды тұлғалардың экспорт-импорт операциялары бойынша төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырмайды".
19-тармақтағы "он күнтiзбелiк күн" деген сөздер "бiр ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтың 6) тармақшасының үшiншi абзацы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.
Келiсiлдi
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
25.06.2005 ж.
(қолы, күні, елтаңбалық мөр)