О внесении изменения в постановление Акимата города Алматы от 12 ноября 2004 года N 4/928 "О мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2004 года N 923 "Об утверждении Правил реализации местными исполнительными органами областей, городов Астаны и Алматы гражданам Республики Казахстан жилья, построенного в рамках реализации Государственной программы развития жилищного строительства в Республике Казахстан на 2005-2007 годы" Күшін жойған
Басқа 0
2004 жылдың 12 қарашасындағы Алматы қaласы Әкiмдiгiнiң "2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету ережесін бекіту жөніндегі" N 923 қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы" N 4/928 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
2005 жылдың 16 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2004 жылдың 4 қазанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 1022 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 141-1 және 2005 жылдың 24 ақпанындағы "Алматы қаласы Әкімдігінің қаулылары мен Алматы қаласы Әкімінің шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 1/104, сонымен қатар 2005 жылдың 4 сәуіріндегі Алматы қаласы Әкімдігінің Мемлекеттік мекеме "Алматы қаласының тұрғын үй Басқармасы" Ережесін бекіту туралы" N 2/180 қаулысына сәйкес Алматы қаласы бойынша тұрғын үй қатынастарын бақылау мен мемлекеттік басқару қызметтеріне өкілетті тұрғын үй Басқармасы болғандықтан және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Департаментінің жойылуына байланысты, Алматы қаласының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылдың 12 қарашасындағы Алматы қаласы Әкiмдiгiнiң "2004 жылдың 1-ші қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету ережесін бекіту жөніндегі" N 923 қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы" N 4/928 қаулысына, (Әділет департаментінде 2004 жылдың 7 желтоқсанында N 627 болып тіркелген және 2004 жылдың 14 желтоқсанындағы N 249 "Вечерний Алматы" мен 2004 жылдың 14 желтоқсанындағы N 142 "Алматы ақшамы" газеттерінде басылып шыққан) келесі өзгерістер енгiзілсін:
"Алматы қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Департаменті" Мемлекеттік мекемесі", "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Департаменті", "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Департаментімен", "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Департаментіне" деген сөздердің орнына бүкіл мәтін бойынша "Алматы қаласының тұрғын үй Басқармасы" Мемлекеттік мекемесі", "Тұрғын үй Басқармасы", "Алматы қаласының тұрғын үй Басқармасымен", "Тұрғын үй Басқармасына" деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Я.Заяцқа жүктелсін.