О внесении изменений в постановление акимата района «Об утверждении грантов «Лучший учитель казахского языка и литературы» от 12 августа 2004 года № 179 Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 12 тамыздағы "Қазақ тілі және әдебиетінің озат мұғалімі" грантын бекіту туралы № 179 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Құқықтық нормативтік актілер туралы» № 213-1 Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 12 тамыздағы «Қазақ тілі және әдебиетінің озат мұғалімі» грантын бекіту туралы» № 179 қаулысына (құқықтық. нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 1342 тіркелді, 2004 жылғы 24 қыркүйектегі «Айыртау таңы» және 2004 жылғы 24 қыркүйектегі «Айыртауские зори» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сәйкес келетін жылға ай сайын гранттарды төлеуге аудан бюджетінен қаржы бөлуді қарастырсын;
4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қазақ тілі және әдебиетінің озат мұғалімі» гранттарын белгілеу туралы Ережеге сәйкес гранттарды төлеуді қамтамасыз етсін.
5-тармақтағы «Е.С.Қалиев» сөзі «Бүбенеев Қ.Н.» сөзімен ауыстырылсын;
аталған қаулымен бекітілген «Қазақ тілі және әдебиетінің озат мұғалімі» гранттарын белгілеу туралы Ережедегі:
6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: Гранттар ай сайын жұмыс нәтижесі бойынша беріледі;
аталған қаулымен бекітілген гранттарды төлеуді есептеу алынсын;
аталған қаулымен бекітілген «Қазақ тілі және әдебиетінің озат
мұғалімі» гранттарын белгілеу бойынша комиссиясының құрамы қосымшаға
сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Н. Бүбенеевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш арнайы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.