О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 июля 2004 года № 197 "Об утверждении Правил выдачи разрешения на открытие банка, выдачи согласия на открытие филиалов банка и открытия, закрытия расчетно-кассовых отделов банка и Правил выдачи, приостановления и отзыва лицензии на проведение банковских и иных операций, осуществляемых банками" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру және банктің есеп айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу ережесін және банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі № 197 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру, сондай-ақ банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Агенттік Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру және банктің есеп айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу ережесін және банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі № 197 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3034 тіркелген, "Қаржы хабаршысы" № 10 (10)/2004) журналында жарияланған) (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3740 тіркелген) Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы № 220 қаулысымен енгізілген өзгерістері бар) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасында: көрсетілген қаулымен бекітілген Банкті ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келісім беру және банктің есеп айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу ережесінде: 9-тармақ "сейф" деген сөзден кейін "және/немесе касса" деген сөздермен толықтырылсын; 15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "4) касса операциялары: банкноттар мен монеталарды ұсату, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, қаттап буу, сақтау және кейіннен беру мақсатында оларды қабылдау жөнінде қызметтер көрсету;"; 20-тармақтың 6) тармақшасының үшінші абзацы мынадай сөздермен толықтырылсын "не кредиттеу мәселелері бойынша білімін растайтын құжаттың көшірмесін"; мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын: "20-1. Банктің бұрын құрылған есеп айырысу-касса бөліміне осы ереженің 15-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асыру бойынша өкілеттік беру тек осы Ереженің тиісінше 20-тармағының 6) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынғанда ғана мүмкін болады. Банктің бұрын құрылған есеп айырысу-касса бөліміне осы ереженің 15-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асыру бойынша өкілеттік беру үшін ұсынылған құжаттарды қарау осы Ереженің 21-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады."; көрсетілген қаулының 2-қосымшасында: көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесінде: 6-тармақта "күнтізбелік" деген сөз "жұмыс" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін. Келісілді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ____________________________ (қолы, күні, елтаңбалық мөр)