О внесении изменения в решение районного маслихата от 12 октября 2004 года № 52 «О правилах оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон» Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қазандағы «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге тұрмыс жағдайы нашар отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету ережелері туралы» № 52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының байланыс мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №568-ІІ Заңының 1 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қазандағы «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге тұрмыс жағдайы нашар отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету ережелері туралы» № 52 шешіміне (тіркелген №1389 2004 жылғы 11 қарашадағы, 2004 жылғы 26 қарашадағы №48 және 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 49, «Тайыншинские вести») келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
3 тармақта:
«30%» саны «20%» санымен өзгертілсін
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет департаментінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді және «Тайыншинские вести» газетінде жариялануға тиісті.