О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 12 октября 2004 года № 52 «О правилах оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қазандағы «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге тұрмыс жағдайы нашар отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету Ережелері туралы» № 52 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Телефонға абонентттік төлемдері тарифтерінің көтерілу компенсацияларының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 Қаулысының 6-1, 7 тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қазандағы «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны және телефон үшін абоненттік ақыны үлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге тұрмыс жағдайы нашар отбасыларына азаматтарға) көмек көрсету Ережелері туралы» (2004 жылғы 11 қарашадағы тіркелген № 1389, 2004 жылғы 26 қарашадағы және 3 желтоқсандағы № 48, 49 «Тайыншинские вести», 2005 жылғы 14 ақпандағы тіркелген № 1486, 2005 жылғы 4 наурыздағы № 10 «Тайыншинские вести» және 2005 жылғы 11 наурыздағы № 11 «Тайыншинские вести») № 52 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 3 тармақтағы: «аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» сөздері «аудандық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» деген сөздерге сәйкес ауыстырылсын; Осы шешіммен бекітілген тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге тұрмыс жағдайы нашар отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету Ережелеріндегі: бірінші абзацтың: 3 тармағындағы: «20» саны «15» санына ауыстырылсын; үшінші абзацта: «алдыңғы тоқсанға немесе соңғы тоқсанға» сөздері «өткен айға» деген сөздерге сәйкес ауыстырылсын; «толық көлемінде» деген сөздер жойылсын; 4 тармағында: «Тұрғын үй көмегі жекеменшігінде бірнеше тұрғын үй (пәтер, үй) бір бірліктен астам немесе тұрғын жайларды жалға (арендаға) беріп отырған, жұмыссыздары бар отбасыларға тағайындалмайды» деген сөздерді «Тұрғын үй көмегі жекеменшігінде тұрғын үй (пәтер, үй) бір бірліктен астам (бөлігін) немесе тұрғын жайларды жалға (арендаға) беріп отырған, жұмыссыздары бар отбасыларға тағайындалмайды» деген сөздерге сәйкес ауыстырылсын; 5 тармағында: «Тайынша қаласының еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» (бұдан әрі - Басқарма) «Тайынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бұдан әрі бөлім); «үлгі» деген сөзден кейін «жеке басын және оның отбасының мүшелерін куәландыратын құжаттарын ұсынғаннан соң» деген сөздермен толықтырылсын; 6 тармағында: 5) тармақша жойылсын; 9 тармағындағы: «ағымдағы тоқсанға» сөздері «өткен айға» деген сөздермен ауыстырылсын; 12 тармағында: «қызмет берушілер» сөзінен кейін « телефонға абоненттік төлем ақысы жоғарылау тарифын компенсацияландыру, өтініш берушілердің есептік шотына немесе жеке есеп шоттарына аударылады» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет басқармасында тіркелгеннен кейін қолданысқа енгізілсін және аудандық «Тайыншинские вести» газетінде жариялансын. Келісілген: Аудан әкімі А.Маковский 11.07.2005 г. Аудандык жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінін бастығы М.Баймағамбетов 11.07.2005 г.