О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 12 октября 2004 года №52 О Правилах оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге тұрмыс жағдайы нашар отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету Ережелері туралы» аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қазандағы № 52 шешіміне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБІІЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге тұрмыс жағдайы нашар отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету Ережелері туралы» аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қазандағы № 52 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2004 жылдың 11 қарашасында нөмірі 1389 тіркелген, 2004 жылғы 26 қарашадағы № 48 «Тайыншинские вести» газетінде жарияланған), «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге тұрмыс жағдайы нашар отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету Ережелері туралы» № 52 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 70 шешімі туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2005 жылғы 14 ақпандағы нөмірі 1486 тіркелген, 2005 жылғы 4 және 11 наурыздағы №10,11 «Тайыншинские вести» газетінде жарияланған), «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту болігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге тұрмыс жағдайы нашар отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету Ережелері туралы» аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қазандағы № 52 шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 14 шілдедегі № 94 шешімі туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2005 жылғы 24 тамызындағы нөмірі 13-11-8 тіркелген, 2005 жылғы 28 қазандағы және 25 қарашадағы №46,50 «Тайыншинские вести» газетінде жарияланған), «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге тұрмыс жағдайы нашар отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету Ережелері туралы» аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қазандағы № 52/шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 18 қарашадағы № 113 шешімі туралы (нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2005 жылғы 27 желтоқсанындағы нөмірі 13-11-21 тіркелген, 2006 жылғы 27 қаңтардағы № 5 «Тайыншинские вести» газетінде жарияланған) енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Шешімнің атауы келесі мазмұнда баяндалсын: «Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) үйді ұстау төлемін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), жеке тұрғын үй корынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны, жалға алу төлемін, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін ақы төлеуге көмек көрсету Ережелері туралы»;
Тармақша 2
2) Ереженің атауы мен 1 тармағы келесі мазмұнда баяндалсын: «Тұрмыс жағдайы нашар отбасыларға (азаматтарға) үйді ұстау төлемін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), жеке меншік қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану үшін жалға алу төлемін, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыңы ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерінің төлемдерін төлеуге көмек көрсету Ережелері»;
Тармақша 3
3) Ереженің 2 тармағындағы: (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа)» сөздерінен кейін «жеке меншік қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану үшін жалға алу төлемін» сөздерімен толықтырылсын «телефон үшін» сөзінен кейін «қалалық телекоммуникация желісіне қосылған» сөздерімен толықтырылсын; келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғау ңысандарының бірі болып табылады»
Тармақша 4
4) 3 тармақтағы: «Меншік иелері» сөздерінен кейін «немесе жалдаушысы (қосымша жалға алушылары)» тиісті сөздерімен толықтырылсын; «телефон үшін» сөзінен кейін «қалалық телекоммуникация желісіне қосылған» тиісті сөздерімен толықтырылсын; «Тайынша ауданының тұрғындары үшін жиынтық табысының 15% мөлшерінде» сөздері «отбасының жиынтық табысына 15 % мөлшерінде» сөздерімен өзгертілсін; «есеп жүргізу құралдары» сөздерінен кейін «есеп жүргізу құралдары жоқ коммуналдық қызметтердің пайдаланушылары үшін белгіленген шығыстардың нормаларынан кем емес» тиісті сөздерімен толықтырылсын;
Тармақша 5
5) 4 тармақтағы: «Түлғалармен» сөзі «зейнеткерлерді» сөзімен өзғертілсін; келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан орынды себепсіз бас тартқан, оқуды немесе қайта оқуды, қоғамдық жұмыстарға қатысуды өз еркімен тоқтатқан жұмыссыз мүшелері бар отбасылар алты айға тұрмыс үй көмегін алу құқығынан айырылады»;
Тармақша 6
6) 5 тармақтағы: «(әрі қарай - бөлім)» сөздері «әрі қарай - уәкілетті орган» тиісті сөздерімен өзгертілсін;
Тармақша 7
7) 6 тармақтың 4) тармақшасындағы: «үйді ұстау және коммуналдық кызметтер төлемі бойынша» сөздері «қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонның абоненттік ақысы және коммуналдық қызметтерінің төлемдерін төлеуге» тиісті сөздерімен өзгертілсін;
Тармақша 8
8) 7 тармақтағы және әрі қарай мәтін бойынша: «бөлім» «бөліммен» сөздері «уәкілетті орган» «уәкілетті органмен» тиісті сөздерімен өзгертілсін
Тармақша 9
9) 10 тармақтағы: «тұргын үй жалдаушысына (меншік иесіне)» сөздері «тұрғын үйдің меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалға алушыларымен)» тиісті сөздерімен өзгертілсін;
Тармақша 10
10) 11 тармақғағы: «бөлім және өтініш иесі арасында» сөздері «тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалға алушылары) және уәкілетті орган арасында» тиісті сөздерімен өзгертілсін;
Тармақша 11
11) 12 тармақтағы: «тұрғын үйдің меншік иелерін (жалдаушыларын)» сөздері «тұрақ жайдың меншік иелерін немесе жалдаушыларын (қосымша жалға алушыларын)» тиісті сөздерімен өзгертілсін; «телефон үшін» сөзінен кейін «қалалық телекоммуникация желісіне қосылған» сөздерімен толықтырылсын;
Тармақша 12
12) 13 тармақ келесі мазмұнда баяндалсын: «Өтініш иесімен ұсынылған құжаттардың шүбәсіздігіне күдіктенген жағдайда өтініш иесінің тұрғын үй көмегін алу құқығын растайтын мәліметтеріне тиісті уәкілетті ргандарға сұрау салуға құқыгы бар, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті»;
Тармақша 13
13) 16 тармақ алып тасталынсын;
Тармақша 14
14) 18 тармақтағы: «қызметтер» сөзінен кейін «қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін» тиісті сөздерімен толықтырылсын;
Тармақша 15
15) 20 тармақ жаңа мазмұнда баяндалсын: «Тұрғын үй көмегін қаржыландыру аудандық бюджет есебінен, ал телефон тарифтерінің ұлғайуына тиісті қаржы жылына бекітілген республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.