О внесении изменений в решение Акима области от 12 января 2005 года N 3 "О квалификационных требованиях к административным государственным должностям" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы" облыс әкімінің 2005 жылғы 12 қаңтардағы N№3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің: Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі N№785 қаулысын орындау үшін "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы" облыс әкімінің 2005 жылғы 12 қаңтардағы N№3 шешіміне (Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 13 қаңтарда 1635-нөмірмен тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің 2005 жылғы 22 қаңтардағы 11-нөмірінде жарияланған, облыс әкімінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 15, 2005 жылғы 27 маусымдағы №N 31 шешімдерімен өзгерістер және толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) №N 5 қосымшада "облыс әкімиятының Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары, (1 бірлік) Д-3" деген сөздер "облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары - әкімдіктің Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары (1 бірлік) Д-2" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) N№9, 10, 11 қосымшалар алынып тасталсын, N№12-44 қосымшалар тиісінше N№9-41 қосымшалар деп саналсын. "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық басқармасының бастығы- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тәртіптік кеңесінің төрағасы