О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайского района от 12 января 2005 года № 95 "Об утверждении правил о порядке и условиях финансирования общественных работ" Қолданыста
Басқа 0
Қостанай ауданы әкімдігінің «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі жөніндегі ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 12 қаңтардағы № 95 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдері туралы» Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай ауданы әкімдігінің «Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі жөніндегі ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 12 қаңтардағы № 95 (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2005 жылғы 10 ақпандағы нөмірі 3318 болып тіркелген, 2005 жылғы 11 наурызда «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланған) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) қаулы мен ереженің атауындағы, сондай-ақ барлық мәтін бойынша «аудандық бюджет» сөзі «бюджеттік қаражат» сөзімен ауыстырылсын;
5) барлық мәтін бойынша Қостанай ауданы әкімиятының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі сөзі «Өкілетті орган» сөзімен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «сәйкес жыл» сөзінен кейін мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерінде әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорындағы әлеуметтік аударуға төлеудегі жұмыс берушілердін шығындары, мәслихат шешімімен келісілген, сәйкес бюджеттен өтеледі».
«Белгіленген шарт мөлшерінде қоғамдық жұмысқа қатысушыға тиесілі талап етуге немесе банкінің ақшалай төлем карточка шотына дейінгі салым бойынша еңбекақыны аудару мен төлеу және жеке шотқа басқа ақшалай төлемдер бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметі үшін комиссиондық сыйақыны төлеуге жұмыс берушілердің шығындары, мәслихат шешімімен келісілген, сәйкес бюджеттен өтеледі».