О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Карабалыкского района от 12 мая 2006 года № 146 «О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенных в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарабалық ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 мамырдағы № 146 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 мамырдағы № 146 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына, (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-14 (2006 жылғы 11.07 № 9 ақпараттық басылым) мына өзгерістер және толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының атауында «орташа түсімді (өнімділікті)» деген сөздерден кейін «өндірістік шығыстардың орташа деңгейін» сөздермен толықтырылсын; корсетілген қаулының 1-тармағында «орташа түсімді (өнімділікті)» деген сөздерден кейін «өндірістік шығыстардың орташа деңгейінің» сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулының 1-тармағында «он» деген сөзі «сексен» деген сөзімен ауыстырылсын; көрсетілген қаулының 2-тармағында «он» деген сөзі «сексен» деген сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2006 жылдың 29 тамызынан бастап іс-қимылға енеді.