«О внесении изменений и дополнений в решение Щучинского районного маслихата от 12 января 2006 года № С-24/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи инвалидам и детям-инвалидам» (регистрационный № 1-19-63 от 17 января 2006 года) Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 қаңтардағы № С-24/3 «Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (тіркеу № 1-19-63, 2006 жылғы 17 қаңтар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 қаңтардағы № С-24/3 «Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» (тіркеу № 1-19-63, 2006 жылғы 17 қаңтар) шешімінің 1, 4 қосымшаларына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1, 4 қосымшалардың 1 «Жалпы ереже» бөлігінде 3 тармақ келесі сөздерімен ауыстырылсын «Әлеуметтік материалдық көмек жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес тағайындалады және төленеді: 1, 2 топтағы екі және одан да көп мүгедектер тұратын отбасына, кірісіне қарамастан; ата-анасының (асыраушысының) бірі мүгедек болса 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы тәрбиелейтін отбасына, кірісіне қарамастан; сондай-ақ, жан басына шаққандағы орташа айлық жиынтық кірісі Ақмола облысында белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен мүгедектің отбасына.
Тармақша 2
2) 1, 4 қосымшалардың 1 «Жалпы ереже» бөлігі 3-1 тармағымен толықтырылсын «Мүгедектің отбасының жиынтық кірісінде материалдық көмек сұраған тоқсан алдындағы тоқсандағы ақшалай түрде алынған барлық кіріс түрлері (еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы, алимент, оқитындардың стипендиясы және басқа табыстар) есептелінеді. Табыстарға тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмек, бала туғанға байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы және жерлеуге бір жолғы жәрдемақы қосылмайды».
Тармақша 3
3) 1, 4 қосымшаларының 3 «Қажетті құжаттардың тізбесі» бөлігінде: 1 қосымшаның 11 тармағы және 4 қосымшаның 12 тармағы «Мүгедек отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу акті» 5 тармақшасымен және «Отбасы кірісін куәландыратын құжаттар» 6 тармақшасымен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) 1, 4 қосымшаларының 4 «Мүгедектер мен мүгедек-балаларға әлеуметтік көмектің көлемі» бөлігінде: 1 қосымшаның 14 тармағы және 4 қосымшаның 15 тармағы «жылына бір рет» сөздерінен кейін «отбасына, осы ережелердің 3, 3-1 тармақтарына сәйкес» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Щучье аудандық мәслихатының аталған шешімінің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда беріліп және бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының Щучье аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 8
Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 6 наурыздағы № С-26/3 «Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 қаңтардағы № С-24/3 «Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне 1 қосымша Сауықтыру жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек көрсету ережесі
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ.
Тармақ 1
1. Осы ереже бюджеттік бағдарлама 007-000 «Уәкілетті жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» бойынша, сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағы 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы ережені қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік материалдық көмек жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес тағайындалады және төленеді: 1, 2 топтағы екі және одан да көп мүгедектер тұратын отбасына, кірісіне қарамастан; ата-анасының (асыраушысының) бірі мүгедек болса 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы тэрбиелейтін отбасына, кірісіне қарамастан; сондай-ақ, жан басына шаққандағы орташа айлық жиынтық кірісі Ақмола облысында белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен мүгедектің отбасына.
Тармақ 3-1
3-1. Мүгедектің отбасының жиынтық кірісінде материалдық көмек сұраған тоқсан алдындағы тоқсандағы ақшалай түрде алынған барлық кіріс түрлері (еңбек ақы, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы, алимент, оқитындардың стипендиясы және басқа табыстар) есептелінеді. Табыстарға тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмек, бала туғанға байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы және жерлеуге бір жолғы жәрдемақы қосылмайды.
Тармақ 4
4. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеуді жүргізеді, әлеуметтік материалдық көмек тағайындалған мүгедектер мен мүгедек балалардың тізімдерін қүрайды, Щучье ауданының қаржы бөліміне өтінім тапсырады.
Тармақ 5
5. Ереженің күші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынасқа таралмайды.
Тарау 2. 2. САУЫҚТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ.
2. САУЫҚТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ.
Тармақ 6
6. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау туралы өтінішті тиісті құжаттарды қоса ұсынумен, оны алуға құқығы бар адам береді.
Тармақ 7
7. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау үшін құжаттарды қарау құжаттар тапсырылған күннен бастап 10 күндік мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындаудан бас тартылған жағдайда Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 9
9. Өтініш беруші өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін заңнамаға сәйкес жауапты.
Тармақ 10
10. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау туралы шешімі сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
Тарау 3. 3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ.
3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ.
Тармақ 11
11. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындауға құқықты куәландыратын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) мүгедектер үшін - жеке куәлік; мүгедек балалар үшін туу туралы куәлік және ата-аналарының (қамқоршының) жеке куәліктері;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақша 3
3) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі берген, әлеуметтік жеке сауықтыру бағдарламасы;
Тармақша 4
4) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі берген, мүгедектік туралы анықтама;
Тармақша 5
5) мүгедек отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу акті;
Тармақша 6
6) отбасы кірісін куәландыратын құжаттар;
Тармақ 12
12. Мүгедектер мен мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін түпнүсқа және көшірме түрінде тапсырылады. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 13
13. Құжаттардың жоқтығы мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындаудан бас тартуға әкеп соғады.
Тарау 4. 4. САУЫҚТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІҢ МӨЛШЕРІ.
4. САУЫҚТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІҢ МӨЛШЕРІ.
Тармақ 14
14. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек 5000 теңге мөлшерінде жылына бір рет отбасына, осы ережелердің 3, 3-1 тармақтарына сәйкес төленеді.
Тарау 5. 5. САУЫҚТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІ ТӨЛЕУ.
5. САУЫҚТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІ ТӨЛЕУ.
Тармақ 15
15. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу тиісті операция түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамада белгіленген тәртіппен конкурста жеңген ұйым арқылы жүзеге асырылады.
Басқа 37
Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 6 наурыздағы № С-26/3 «Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 қаңтардағы № С-24/3 «Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне 4 қосымша Жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек көрсету ережесі
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ.
Тармақ 1
1. Осы ереже бюджеттік бағдарлама 007-000 «Уәкілетті жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» бойынша, сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағы 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы ережені қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік материалдық көмек жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес тағайындалады және төленеді: 1, 2 топтағы екі және одан да көп мүгедектер тұратын отбасына, кірісіне қарамастан; ата-анасының (асыраушысының) бірі мүгедек болса 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы тәрбиелейтін отбасына, кірісіне қарамастан; сондай-ақ, жан басына шаққандағы орташа айлық жиынтық кірісі Ақмола облысында белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен мүгедектің отбасына.
Тармақ 3-1
3-1. Мүгедектің отбасының жиынтық кірісінде материалдық көмек сұраған тоқсан алдындағы тоқсандағы ақшалай түрде алынған барлық кіріс түрлері (еңбек ақы, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы, алимент, оқитындардың стипендиясы және басқа табыстар) есептелінеді. Табыстарға тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмек, бала туғанға байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы және жерлеуге бір жолғы жәрдемақы қосылмайды.
Тармақ 4
4. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеуді жүргізеді, әлеуметтік материалдық көмек тағайындалған мүгедектер мен мүгедек балалардың тізімдерін құрайды, Щучье ауданының қаржы бөліміне өтінім тапсырады.
Тармақ 5
5. Ереженің күші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынасқа таралмайды.
Тарау 2. 2. САУЫҚТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА ОТЫН САТЫП АЛУҒА ӘЛЕУМЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ.
2. САУЫҚТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА ОТЫН САТЫП АЛУҒА ӘЛЕУМЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ.
Тармақ 6
6. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау туралы өтінішті тиісті құжаттарды қоса ұсынумен, оны алуға құқығы бар адам береді.
Тармақ 7
7. Пешпен жылытылатын жеке үйлерде тұратын мүгедектер мен мүгедек балалардың отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмекті ресімдеуге құқы бар.
Тармақ 8
8. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау үшін құжаттарды қарау құжаттар тапсырылған күннен бастап 10 күндік мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек тағайындаудан бас тартылған жағдайда Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 10
10. Өтініш беруші өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дүрыстығы үшін заңнамаға сәйкес жауапты.
Тармақ 11
11. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау туралы шешімі сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
Тарау 3. 3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ.
3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ.
Тармақ 12
12. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек тағайындауға құқықты куәландыратын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) мүгедектер үшін - жеке куәлік; мүгедек балалар үшін туу туралы куәлік және ата-аналарының (қамқоршының)жеке куәліктері;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақша 3
3) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі берген, әлеуметтік жеке сауықтыру бағдарламасы;
Тармақша 4
4) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі берген, мүгедектік туралы анықтама;
Тармақша 5
5) мүгедек отбасының материалдық-түрмыстық жағдайын зерттеу акті;
Тармақша 6
6) отбасы кірісін куәландыратын құжаттар;
Тармақ 13
13. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға материалдық көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде тапсырылады. Салыстырылғаннан кейін кұжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 14
14. Құжаттардың жоқтығы мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындаудан бас тартуға әкеп соғады.
Тарау 4. 4. САУЫҚТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА ОТЫН САТЫП АЛУҒА ӘЛЕУМЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІҢ МӨЛШЕРІ.
4. САУЫҚТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА ОТЫН САТЫП АЛУҒА ӘЛЕУМЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІҢ МӨЛШЕРІ.
Тармақ 15
15. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек 7000 теңге мөлшерінде жылына бір рет отбасына, осы ережелердің 3, 3-1 тармақтарына сәйкес төленеді.
Тарау 5. 5. САУЫҚТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА ОТЫН САТЫП АЛУҒА ӘЛЕУМЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІ ТӨЛЕУ.
5. САУЫҚТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА ОТЫН САТЫП АЛУҒА ӘЛЕУМЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІ ТӨЛЕУ.
Тармақ 16
16. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу тиісті операция түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамада белгіленген тәртіппен конкурста жеңген ұйым арқылы жүзеге асырылады.