О внесении дополнений в постановление акимата Зыряновского района-города Зыряновска от 12 декабря 2006 года № 2967 «Об организации оплачиваемых общественных работ и создании социальных рабочих мест для целевых групп населения на 2007 год по Зыряновскому району - городу Зыряновску» Күшін жойған
Басқа 0
«2007 жылға арналған Зырян ауданы-
Зырян қаласы бойынша ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру және халықтың
нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс
орындарын құру туралы» 2006 жылғы 12 желтоқсандағы
№2967 Зырян ауданы-Зырян қаласы
әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына сәйкес және мүлікті заңдастыру, экологиялық өтемақыларды төлеу, туған және қайтыс болған азаматтар туралы мәліметтерді анықтауды өткізу бойынша жұмыс мөлшерінің артуына байланысты қоғамдық жұмыстардың мерзімдерін ұзарту мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2007 жылға арналған Зырян ауданы-Зырян қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» Зырян ауданы-Зырян қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы №2967 қаулысының 1 қосымшасының (тіркеу №5-12-34 2006 жылғы 29 желтоқсандағы «Заря Востока» газетінде жарияланған) ескертуі келесі мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Мүлікті заңдастыру, экологиялық өтемақыларды төлеу, туған және қайтыс болған азаматтар туралы мәліметтерді айқындаумен байланысты құжаттарды өңдеуге қатысатын жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысу ұзақтығы екі айдан артық мерзімге ұзартылуы мүмкін».
Тармақ 2
2. Қаулы Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеу кезінен бастап күшіне енеді.