Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 12 апреля 2007 года № 112 "Об утверждении Инструкции по государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств"

Бұйрық · № 273 · қабылданған 16.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2007-no-112-ekb-83458/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 12 апреля 2007 года № 112 "Об утверждении Инструкции по государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств" Күшін жойған Бұйрық ·№ 273 ·16.09.2014
11.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 12 апреля 2007 года № 112 "Об утверждении Инструкции по государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 273 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 12 апреля 2007 года № 112 "Об утверждении Инструкции по государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
273
Қабылданған күні
16.09.2014
Көрсетілген редакция
11.04.2019 83458_401777.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14D0009768
ЭКБ идентификаторы
83458
Редакция идентификаторы
83458_401777
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:35

0 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылы 11 шілдеде № 104 (1133 болып жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі Нұсқаулыққа:
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, қайта ұйымдастырылу жолымен құрылатын тіркеуді қоспағанда, Заңның 6-1-бабында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға осы Нұсқаулыққа 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Хабарлама «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық құжатты толтыру арқылы берілген кезде тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық үкімет» веб-порталға жүгінген жағдайда хабарламаға көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Веб-порталға жүгінген жағдайда өтініш берушінің «жеке кабинетінен» заңды тұлғаны хабарлама тәртібінде тіркеу фактісі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамамен расталады, ол өтініш берушіге (өтініш берушілерге) электрондық форматта жеке кабинетке («электрондық үкімет» порталында) жіберіледі.
Тіркеуші органға жүгінген жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.».

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы