О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 12 апреля 2007 года № 112 "Об утверждении Инструкции по государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 12 апреля 2007 года № 112 "Об утверждении Инструкции по государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств"
- Атауы (қаз.)
- "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 598
- Қабылданған күні
- 27.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2019 95945_401791.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012343
- ЭКБ идентификаторы
- 95945
- Редакция идентификаторы
- 95945_401791
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:25
0 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты
бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі
№ 112 Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген, 2007 жылы 11 шілдеде № 104 (1307) «Заң газеті» газетінде және Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жылы наурыз-сәуір) келесі өзгеріс енгізілсін:
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:
64-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) облигациялардың және (немесе) акциялардың күшін жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның тіркелген акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жоқ екендігі туралы хаты;».