О внесении изменений в Правила предоставления малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома), оплату жилищно-коммунальных услуг и услуг связи, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 12 декабря 2007 года № 4С-6/7 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-6/7 шешімімен Бекітілген, тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы беру ережесіне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1- тармағы 14-тармақшасына сәйкес және аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №4С-6/7 шешімімен бекітілген, (әділет басқармасында 2008 жылғы 23 қаңтарда № 1-7-58 тіркелген, «Бұланды таңы» газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы №5 санында, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы №5 санында жарияланған) Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы беру ережесіне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 3-тармақта «15 % асады» деген сөздер «11 % асады» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 14-тармақта «жәрдемақы алушының жазбаша өтініші бойынша қызмет көрсетушінің шотына» деген сөздер «уәкілетті орган жазбаша өтініш бойынша қаржыны жәрдемақы алушының жеке шотына көшіру арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Шешім аудандық газетте ресми жариялан соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов 14.03.08 ж. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Бастығы К. Есмағамбетова 14.03.08 ж.