О внесении дополнений в постановление акимата Жаркаинского района от 12 апреля 2007 года № А-4/1875 «Об организации общественных работ в Жаркаинском районе в 2007 году» Күшін жойған
Басқа 0
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № А-4/1875 «2007 жылғы Жарқайың ауданындағы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жарқайың ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі №А-4/1875 «2007 жылғы Жарқайың ауданындағы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» (Жарқайың ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 23 сәуірде № 1-12-54 болып тіркелген, 2007 жылдың 27 сәуірінде № 17 «Целинное знамя» газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
Жарқайың ауданындағы ақылы қоғамдық жұмыс бойынша ұйымдар, мекемелер тізіміндегі 1, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 жолдарына:
«Қоғамдық жұмыс түрлері» бөлігі келесі мазмұндағы тармақпен толықтырылсын: «Ауылшаруашылығы малдарын теңестіруді жүргізуге көмек көрсету»;
«Атқарылған жұмыс көлемі» бөлігі келесі мазмұндағы тармақпен толықтырылсын: «195040»;
«қоғамдық жұмыс шарты» бөлігі келесі мазмұндағы тармақпен толықтырылсын : «еңбек шарты»;
«қоғамдық жұмысқа қатысушылар саны, қатысушылардың еңбек ақы көлемі» бөлігі келесі мазмұндағы тармақпен толықтырылсын: «1, орташа еңбек ақыдан төмен емес»;
«Қаржы көздері» бөлігі келесі мазмұндағы тармақпен толықтырылсын «жергілікті бюджет»
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.