О внесении дополнения и изменения в постановление акимата Карабалыкского района от 12 февраля 2007 года № 63 «Об утверждении целевых групп населения» Қолданыста
Басқа 0
Қарабалық ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 63 «Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шараларды бекіту мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 63 «Халықтың нысаналы топтарының бек ту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмері 2007 жылдың 27 ақпандағы 9-12-39, 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 15 (330) "Айна" аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар және өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 12) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«12) жоғарғы, арнайы орта, орта және кәсіби оқыту, тағы да курстық дайындық мекемелерін бітіргеннен кейін еңбек өтілі жоқ бітірушілер»;
1-тармақ келесі мазмұндағы 13), 14) тармақшаларымен толықтырылсын:
«13) алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі және өтілі жоқ жұмыссыз жастар;
14) болашағы жоқ 50 жастан асқан тұлғалар».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.