О внесении дополнения в постановление акимата Карабалыкского района от 12 января 2007 года № 9 «О реализации решения Карабалыкского районного маслихата от 21 декабря 2006 года № 274 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексі 64-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «2007 жылға арналған Қарабалық ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылдың 8 ақпанындағы 9-12-30, 2007 жылғы 15 ақпанындағы № 7 (322) «Айна» аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін: 1 тармағы келесі мазмұндағы сегізінші қайырмамен толықтырылсын: «Карабалық ауданында тұратын, Ұлы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналды қызметтерге шығымдарын жарым-жартылай өтеуге республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген жеті жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тиісті жылға арналған біржолғы мезгілді әлеуметтік көмек».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.