О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Карабалыкского района от 12 января 2007 года № 9 «О реализации решения Карабалыкского районного маслихата от 21 декабря 2006 года № 274 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «2007 жылға арналған Қарабалық ауданының аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыруды енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексі 64-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына, Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «2007 жылға арналған Қарабалық ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «2007 жылға арналған Қарабалық ауданының аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына (2007 жылдың 8 ақпанындағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-30, 2007 жылғы 15 ақпанындағы № 7 аудандық "Айна" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармағының төртінші абзацы жойылсын;
1-тармағы келесі мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: «Ұлы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген жеті жарып айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тиісті жылға арналған біржолғы жылдық әлеуметтік көмек» толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.