О внесении изменений в постановление акимата от 12 января 2007 года № 9 «О реализации решения Карабалыкского районного маслихата от 21 декабря 2006 года № 274 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Казақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексі 64-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 каңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін, бұрын Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18 мамырдағы № 181 «Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» (2007 жылғы 13 маусымдағы мемлекеттік тірксу нөмірі 9-12-51, 2007 жылғы 21 маусымдағы № 24 аудандық «Айна» газетінде жарияланған) қаулысымен өзгеріс және толыктыру енгізілді:
1 тармақтың 5 абзацтағы «білім алу құнынан жүз пайыз мөлшерінде» сөздері жойылсын;
1 тармақтың 6 абзацтағы «білім алу құнынан елу пайыз мөлшерінде» сөздері жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.