О внесении дополнения в постановление от 12 января 2007 года № 9 «О реализации решения Карабалыкского районного маслихата от 21 декабря 2006 года № 274 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы 12 қаңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 64-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес және Қарабалық ауданы мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 8 ақпандағы 9-12-30, 2007 жылғы 15 ақпандағы № 7 «Айна» аудандық газетінде жарияланған), бұрын Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18 мамырдағы № 181 «Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізілді (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 13 маусымдағы 9-12-51, 2007 жылғы 21 маусымдағы № 24 «Айна» аудандық газетінде жарияланған), 2007 жылғы 3 қырқүйектегі № 284 «Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 9 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 274 «Қарабалық ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 8 қазандағы 9-12-56, 2007 жылғы 25 қазандағы № 43 «Айна» аудандық газетінде жарияланған) қаулыларымен келесі толықтыру енгізілсін: бірінші тармағы келесі мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «азықты корзинаның мөлшері өсуіне байланысты табысы аз азаматтарға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алушыларына 2007 жылдың 4 тоқсанына айына 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 546 (бес жүз қырық алты) теңге әлеуметтік көмегінің қосымша түрі».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.