О внесении изменений в постановление акимата района от 12 мая 2008 года № 147/5 «Об утверждении стандартов государственных услуг» (НГР 12-6-55 от 7 июня 2008 года) Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Железин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» № 147/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (2008 жылғы 7 маусымда МТН 12-6-55 тіркелген) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетулердің тізілімін бекіту туралы» № 561 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Железин ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 7 маусымда МТН 12-6-55 тіркелген және 2008 жылғы 14 маусымдағы № 24, 2008 жылғы 21 маусымдағы № 25, 2008 жылғы 28 маусымдағы № 26, 2008 жылғы 5 шілдедегі № 27 және 2008 жылғы 12 шілдедегі № 28 «Родные просторы» газетінде жарияланған аудан әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» № 147/5 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: мемлекеттік қызмет көрсетудің «Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу» стандартындағы 12-тармақ 8) тармақша алынып тасталсын: мемлекеттік қызмет көрсетудің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» стандартының 12-тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын: «12. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттарды тізбесі:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алынған кірістері туралы мәлімет;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің жеке қосалқы шарушылығы бар екендігі туралы мәлімет;
Тармақша 4
4) әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
Тармақша 5
5) жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 6
6) салық төлеушіні тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;» мемлекеттік қызмет көрсетудің «Зейнеткерлік қорларға, IIМ жол полициясы Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру» стандартының 22-тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын: «22. Арыз берілетін лаузымдық тұлға, мемлекеттік органның атауы: Железин ауданы білім беру бөлімінің бастығына, Павлодар облысы, Железинка ауылы, Квитков көшесі, 7, телефоны (8-718-31)-2-20-80 мекен-жайы бойынша; Железин ауданының әкіміне, Павлодар облысы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі , 19, телефоны/факсі (8-718-31)-2-21-40 мекен-жайы бойынша.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.