О внесении изменений в постановление акимата района от 12 мая 2008 года № 163/5 «Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых местными исполнительными органами района» Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы «Ауданның жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 163/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес, аудан прокурорының 2008 жылғы 18 шілдедегі № 1005-08 наразылығының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Успен ауданының әділет Басқармасында 2008 жылдың 9 шілдесінде № 12-12-53 болып тіркелген, 2008 жылдың 14 маусымында аудандық «Сельские будни» газетінің № 24 жарияланған аудан әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы «Ауданның жергілкті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 163/5 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
1) қаулының 1 тармағының 23 тармақшасы мына мазмұнда баяндалсын:
«23. Кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі жол полициясы Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, зейнеткерлік қорларға анықтама беру»;
2) қаулының 1 тармағының 24 тармақшасы мына мазмұнда баяндалсын:
«24. Банкте несие ресімдеу үшін кәмелетке толмағандарға тиісті тұрғын үйлерді кепілдікке қоюға рұқсат беру».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.