О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 12 мая 2008 года № 167 "Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізімін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3254 тіркелген және «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 69 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған қаулының қосымшасындағы: «Өзендер:» деген кесте мына мазмұндағы 11, 12, 13 тармақтармен толықтырылсын: « 11 Қара Қобда 138 12 Қиыл 193 13 Сазды 40 » «Көлдер:» деген кестеде 39, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65 деген тармақтар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.