О внесении дополнения в решение областного маслихата от 12 февраля 2008 года № 4/53 "О ставках платы за эмиссии в окружающую среду на 2008 год по Мангистауской области" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4/53 шешіміне толықтыру енгізу туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына , Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4/53 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1999 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінің 2008 жылғы 26 ақпандағы N 32 санында жарияланған) мына толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы ескертпе мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: "5) "Қошқар-Ата" қалдықтар қоймасының су деңгейін қалыпты ұстауға қолданылатын ақпа сулардың төгінділері үшін нөлдік ставка қолданылады".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. "КЕЛІСІЛДІ" Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Б. Бисенов "16" мамыр 2008 ж. "КЕЛІСІЛДІ" Маңғыстау облысы бойынша Салық комитеті төрағасының міндетін атқарушы А. Жұмағалиев "16" мамыр 2008 ж. "КЕЛІСІЛДІ" Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Ы. Ноғаев "16" мамыр 2008 ж.