О внесении изменения в постановление акимата Аккайынского района от 12 января 2009 года № 14 "Об организации общественных работ в Аккайынском районе в 2009 году" Қолданыста
Басқа 0
"2009 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Аққайың аудан әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабы 5-тармағына, 20-бабының 5-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс–шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына, «Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 қаулысына (2001 жылғы 30 шілдедегі мемлекеттік тізілімдегі № 398 тіркелген, 2001 жылғы 7 тамыздағы «Северный Казахстан» газетінде жарияланған) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2009 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Аққайың аудан әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 14 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркейтін Тізілімнің өңірлік бөлімінде № 13-2-96 тіркелген және 2009 жылғы 19 ақпанда № 7 «Колос» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша ұйымдардың тізімі, жұмыстың түрлері, көлемдері және еңбекақы мөлшерлері осы қаулының қосымшасына келісілді жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Аққайың ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 22 мамырдағы № 111
қаулысына қосымша
Аққайың ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 12 қаңтардағы
№ 14 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша ұйымдардың тізімі, жұмыстың түрлері, көлемдері, еңбекақы мөлшері
Ұйымдардың атауы
Жұмыс
орны
Қоғамдық жұмыстардың
түрлері
Разряды
Коэффи-
циенті
«Аққайың аудандық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Құжаттарды сақтауға даярлау және өңдеуге көмек көрсету
G-14
1,43
Аққайың ауданы селолық округ әкімдерінің аппараттары
308 адам
Аққайың ауданы селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, құқық қорғаушы органдарына жәрдемдесу отрядтарына қатысу;
Құжаттарды сақтауға даярлау және өңдеуге көмек көрсету;
Шаруашылық кітаптарын құру және үй шаруашылығының санағына көмектесу;
Елді мекендердің аумақтарын жинау;
Аумақты жасылдандыру және көркейту, қаңғырып жүрген жануарларды аулау;
Мұз қалашықтарының құрылыстарында қосалқы жұмыстарды орындау;
Ағымдағы жолдарды жөндеу (ойлармен және шұңқырларды жабу, жол жиектерін қазу, қоқымнан тазалау және тағы да басқалар);
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жұмыспен қамту мәселесі бойынша көмек көрсету;
Оралмандарды жайғастыру және қабылдау бойынша тапсырмаларды орындау;
Мемлекеттік мекемелерде және бюджеттік ұйымдарда жағу кезеңінде жағушы болып жұмыс істеу;
Күзгі және көктемгі тасқындарға байланысты жұмыстар жүргізу;
Жалғыз басты қарт ауру азаматтарды күту (азық – түлік сатып алу, бөлмені жинау, қабырғаларды ақтау, еденді сырлау, кір жуу, егу, көкөністерді жинау);
Қоқыс орындарын жинау және зираттарды, соның ішінде қалдықтарды жинауды ұйымдастыру
G-14
G-14
G-14
II
ІІІ
ІІІ
ІІ
G-14
G-14
ІІ
ІІІ
G-14
ІІІ
1,43
1,43
1,43
1,49
1,59
1,59
1,49
1,43
1,43
1,49
1,59
1,43
1,59
Қорытынды:
310
Ескерту: 5, 10, 11, 13 абзацтармен белгіленген жұмыстар ұйымдардың штат кестелерінде сәйкес бірліктер болмаған жағдайда және осы мақсаттарға жергілікті бюджеттерде қаражаттар қарастырылмаса қолданылады.