О внесении изменений в приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 апреля 2010 года № 250 «Об утверждении Правил регистрации в уполномоченном органе заключенных пользователем животного мира договоров с физическими и юридическими лицами на пользование животным миром и предоставлении информации об их расторжении» и исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 18-04/128 «Об утверждении Перечня должностных лиц ведомства упол Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру Ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 250 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-04/128 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру Ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6225 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлар дүниесін пайдаланушылары мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы жануарлар дүниесін пайдалану шарттарын (бұдан әрі – шарт) тіркеуді аңшылық алқаптар орналасқан жері бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – инспекция) жүргізеді.».
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер жануарлар дүниесін пайдалану шартын осы Ережеде бекітілген мерзімде тіркеу жүргізілмесе, жануарлар дүниесін пайдаланушы уәкілетті органға жазбаша түрде шағым жібере алады.
Қабылданған шағым есепке алу және шағымдар журналында тіркеліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес тыңдау тәртібін көздей отырып, ӘРПК 13-тарауында белгіленген мерзімдерде қаралады.
Шағымды қарастыру нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.
Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, пайдаланушы берілген шешімге жоғарғы тұрған органға немесе сотқа шағымдануына болады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-04/128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10546 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар жұмыскерлерінің тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) төрағасы – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі