Об утверждении перечня космических объектов и оборудования объектов наземной космической инфраструктуры, ввозимых участниками космической деятельности, импорт которых освобождается от налога на добавленную стоимость, и формы подтверждения о ввозе космических объектов и оборудования объектов наземной космической инфраструктуры для целей космической деятельности и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2012 года № 1303 «Об утверждении перечня косми Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесін және ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау нысанын бекіту және «Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесін және ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1303 қаулысының күші жойылды деп тану туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»   Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 399-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесі бекітілсін;
Тармақша 2
2) ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесін және ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1303 қаулысы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1084-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 197 қаулысымен бекітілген Нысан Ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау 20__ жылғы «__»_________ №____ ____________________________________________________________________ (ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган) Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесіне сәйкес ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі ____________________________________________________________________ (бар болса, бизнес сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________________ мақсатында (ғарыш қызметінің бағыты) ____________________________________________________________________ (шарттың (келісімшарттың) атауы, нөмірі және күні) жобасының шеңберінде осы растауға қосымшада көрсетілген ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелетінін растайды. Осы растау 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 399-бабына сәйкес __________________________________ (салық немесе кеден органының атауы) ұсыну үшін дайындалды. Қосымша ___ парақта. Уәкілетті органның бірінші басшысы _________________________ _________ (аты, әкесінің аты, тегі) (қолы) Күні ____________________________ М.О.
Басқа 1. Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 197 қаулысымен бекітілген Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. Ғарыш объектілерін шығару құралдары және олардың құрамдас бөліктері:
Тармақша 1
1) тасымалдағыш зымырандар;
Тармақша 2
2) тасымалдағыш зымырандардың сатылары, ауыспалы жүйелері, басты қалқандары;
Тармақша 3
3) зымырандар мен пилотсыз ұшатын аппараттардың саты аралық бөліктері және сатыларды біріктіру және айыру механизмдері;
Тармақша 4
4) екпіндеткіш блоктар;
Тармақша 5
5) көліктік модульдер.
Тармақ 2
2. Ғарыш аппараттары:
Тармақша 1
1) байланыс, хабар тарату және қайта тарату аппараттары;
Тармақша 2
2) Жерді қашықтықтан зондтау, соның ішінде экологиялық мониторинг және метеорологияға арналған аппараттар;
Тармақша 3
3) координаталық-уақыттық қамтамасыз ету және навигация аппараттары;
Тармақша 4
4) ғылыми зерттеулерге арналған аппараттар;
Тармақша 5
5) ғарыш жағдайларында сынаулар өткізуге және ғарышта материалдарды және өзге де өнімдерді жасауға арналған аппараттар;
Тармақша 6
6) басқарылатын аппараттар;
Тармақша 7
7) орбиталық станциялар.
Тармақ 3
3. Ақпараттық-өлшеу техникасының құралдары:
Тармақша 1
1) ақпараттық-өлшеу техникасының кешендері;
Тармақша 2
2) ақпараттық-өлшеу техникасының құрылғылары;
Тармақша 3
3) бақылау-сынау аппаратурасы, бақылау-өлшеу аппаратурасы, бақылау және баптау құрылғылары;
Тармақша 4
4) қосалқы бөлшектердің, құралдардың, керек-жарақтардың жиынтықтары;
Тармақша 5
5) пайдалану және оқу-жаттығу құралдары.
Тармақ 4
4. Борттық жүйелер және басқару, бақылау және траекториялық өлшеу аппаратуралары:
Тармақша 1
1) тасымалдағыш зымырандарды басқарудың дербес жүйесінің борттық аппаратурасы;
Тармақша 2
2) тасымалдағыш зымырандарды дербес басқару жүйесінің борттық аппаратурасының функционалдық блоктары және элементтері (тұрақтандыру автоматтары, көрінген жылдамдықты реттеуіштер, қозғалтқыш қондырғыларының автоматикасы, қашықтықты басқару автоматтары, телеметрикалық бақылау жүйесін келісу құрылғылары, борттық кәбілді желілер, қоректендіру және коммутация жүйелері);
Тармақша 3
3) тасымалдағыш зымыранды дербес басқару жүйелерінің борттық аппаратурасының құраушы блоктары мен элементтері;
Тармақша 4
4) ғарыш аппараттарын басқару жүйелері (бағыттау және тұрақтандыру жүйелері, навигациялау жүйелері, баллистикалық түсіруді басқару жүйелері, жеңіл қону жүйелері, орбитада түзеу жүйелері, объектіні басқару жүйелері, түйісуді басқару жүйелері, электр қоректендіру жүйелері, бірыңғай уақыт және синхрондау жүйелері, пеленгациялау жүйелері, объектіні апатты қопару жүйелері, электр қоректену көздері, коммутациялық құрылғылар, өзге де жүйелер және басқару жүйесінің аппаратурасы);
Тармақша 5
5) құрылымдық блоктар және ғарыш аппараттарын басқару жүйесінің элементтері;
Тармақша 6
6) командалық-өлшеу жүйесінің, ғарыш кешенінің байланыс және қайта тарату жүйелерінің борттық аппаратурасы;
Тармақша 7
7) командалық-өлшеу жүйесінің, ғарыш кешенінің байланыс және қайта тарату жүйесінің блоктары мен элементтері;
Тармақша 8
8) ғарыш техникасына арналған борттық цифрлы есептеу құрылғылары мен машиналары (компьютерлер);
Тармақша 9
9) борттық компьютерлердің құрылымдық блоктары және элементтері;
Тармақша 10
10) борттық компьютерлердің арнайы бағдарламалық қамтылымы;
Тармақша 11
11) ғарыш аппараттарының арнайы борттық жүйелерінің аппаратурасы (геодезиялық және радиогеодезиялық өлшеулер, фотографиялық, визуалды, инфрақызыл, фототелевизиялық, оптикалық-электрондық және радиолокациялық бақылаулар, жердегі радиация мен магнетизмді, күннің және алғашқы ғарыш сәулелері, жұлдыздар мен атмосфераның астрономиялық сәулеленуін ғылыми зерттеу үшін, актинометриялық);
Тармақша 12
12) ғарыш аппараттарының құрылымдық блоктары және арнайы борттық жүйелерінің элементтері;
Тармақша 13
13) гироскопиялық аспаптар;
Тармақша 14
14) құраушы блоктар және гироскопиялық приборлардың элементтері;
Тармақша 15
15) ғарыш аппараттарын басқару жүйелерінің қосалқы бөлшектері, құралдары, керек-жарақтары, қосу кәбілдері;
Тармақша 16
16) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері.
Тармақ 5
5. Ғарыш айлақтары мен ғарыш объектілерін басқару жерүсті кешендерінің құрамдас бөліктері мен жабдығы:
Тармақша 1
1) старттық және техникалық кешендердің, сынау кешенінің, арнайы құрылыстардың жабдықтары;
Тармақша 2
2) көліктік, түйісу және көліктік-орнату жабдығы;
Тармақша 3
3) отын компоненттерімен толтыру және сығылған газбен қамтамасыз ету құралдары, құю-бейтараптандыру станциялары, криогенді жабдықтар;
Тармақша 4
4) технологиялық, сынау, қосалқы жабдық;
Тармақша 5
5) арнайы технологиялық, сынау және техникалық жабдықтарды басқару құралдары;
Тармақша 6
6) тасымалдағыш зымырандарға және ғарыш аппараттарына қызмет көрсету, сақтау және пайдалану құралдары;
Тармақша 7
7) технологиялық, сынау және техникалық жабдықтарды бақылаудың және регламенттік тексерудің арнайы құралдары;
Тармақша 8
8) агрегаттар, тораптар, бөлшектер, көтеру құралдары;
Тармақша 9
9) оқыту-жаттығу орталықтарының жабдықтары;
Тармақша 10
10) ғарыш ақпаратын қабылдау және өңдеу станциялары;
Тармақша 11
11) ғарыш техникасын жерүсті эксперименттік әзірлеуге және сынауға арналған объектілер, жабдықтар және құралдар;
Тармақша 12
12) ғарыш аппаратының пайдалы жүктемесін бақылау және мониторингтеу жабдығы;
Тармақша 13
13) тасымалдағыш зымыранның құрамдас бөліктерін тасымалдау құралдары;
Тармақша 14
14) құлау аудандарын пайдалану кешендерінің жерүсті технологиялық жабдығы, тасымалдағыш зымыранның бөлінген бөлшектерін іздеуге арналған авиациялық құралдар;
Тармақша 15
15) ғарыш объектілерін бақылауға және ғарыш бағдарламаларын жерден сүйемелдеуге арналған оптикалық телескоптар.
Тармақ 6
6. Жерүсті автоматтандырылған басқару кешені:
Тармақша 1
1) командалық-өлшеу жүйелерінің станциялары, соның ішінде жерүсті стационарлық, жерүсті жылжымалы, жүзу және ұшу құралдары;
Тармақша 2
2) ғарыш аппараттарының ұшуын басқару орталықтарының есептеу техникасы үшін аппаратуралар, арнайы бағдарламалық құралдар, ақпараттық және бағдарламалық өнімдер;
Тармақша 3
3) жерүсті автоматтандырылған басқару кешенінің жиынтықтаушы бұйымдары және қосалқы бөлшектері;
Тармақша 4
4) жерүсті автоматтандырылған басқару кешенінің құралдарын бақылау-сынау және бақылау-тексеру аппаратурасы;
Тармақша 5
5) жерүсті тексеру-қосу электр жабдығы;
Тармақша 6
6) старттық позициялар үшін әзірлеу және қосу аппаратурасы;
Тармақша 7
7) қоймалар мен техникалық позицияларда тасымалдағыш зымырандар мен ғарыш аппараттарын сынау және әзірлеу аппаратурасы;
Тармақша 8
8) жерүсті жабдығы мен борттық аппаратураны регламенттік тексерулер аппаратурасы;
Тармақша 9
9) тасымалдағыш зымырандарды басқарудың дербес жүйелерінің және ғарыш аппараттарын басқару жүйелерінің жерүсті аппаратурасының жиынтықтаушы бұйымдары, қосу кәбілдері және қосалқы бөлшектері;
Тармақша 10
10) тасымалдағыш зымырандарды басқарудың дербес жүйелерінің және ғарыш аппараттарын басқару жүйелерінің жерүсті аппаратурасы үшін бақылау-сынау аспаптары;
Тармақша 11
11) жерүсті астрономиялық-геодезиялық пункттерінің аппаратурасы;
Тармақша 12
12) бақылау-навигациялау пункттерінің аппаратурасы;
Тармақша 13
13) навигациялық ақпаратты тұтынушылардың аппаратурасы;
Тармақша 14
14) арнайы ақпаратты қабылдайтын жерүсті пункттерінің құралдары.
Тармақ 7
7. Зымыран-ғарыш кешендері үшін құрауыш бөліктер мен жабдықтар:
Тармақша 1
1) тасымалдағыш зымырандардың, екпіндеткіш блоктардың, ғарыш аппараттарының қозғалтқыштары, энергия қондырғылары, қосалқы жүйелері, агрегаттары және құрылғылары;
Тармақша 2
2) қозғалтқыш-энергетикалық қондырғылар;
Тармақша 3
3) гидравликалық, пневматикалық, электрлік арнайы құрылғылар мен агрегаттар;
Тармақша 4
4) қосалқы жүйелер мен агрегаттар.
Тармақ 8
8. Ғарыш инфрақұрылымының жерүсті объектілерінің жұмыс істеуін және ғарыш бағдарламаларын орындау процесінде қатысушылардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін жалпы өнеркәсіптік мақсаттағы өнім:
Тармақша 1
1) ғарыш техникасы үшін электр машиналар;
Тармақша 2
2) ғарыш техникасы үшін электр техникалық жабдықтар мен материалдар;
Тармақша 3
3) арнайы мақсаттағы автоматтандыру приборлары мен құралдары;
Тармақша 4
4) ғарыш техникасы үшін оптикалық аспаптары мен аппаратура;
Тармақша 5
5) арнайы мақсаттағы санитарлық-техникалық жабдық;
Тармақша 6
6) ғарыш техникасы үшін электр радио бұйымдары;
Тармақша 7
7) арнайы мақсаттағы радио байланыс, радиохабар тарату және телевизия құралдары;
Тармақша 8
8) соңғы және аралық арнайы мақсаттағы сымды байланыс құралдары және радиобайланыс аппаратурасы;
Тармақша 9
9) радиолокация құралдары;
Тармақша 10
10) радионавигациялық құралдар;
Тармақша 11
11) ғарыш инфрақұрылымының жерүсті объектілері үшін оптикалық аспаптар, аппаратура және электр магниттік сәулелендіргішті қабылдағыштар. Ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау нысанына қосымша Р/с№ Ғарыш объектісінің, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы жабдығының атауы Өлшем бірлігі Саны Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесіндегі тармақтың, тармақшаның нөмірі Ескертпе Уәкілетті органның бірінші басшысы _________________________ ________ (аты, әкесінің аты, тегі) (қолы) Күні ___________________ М.О.