О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2012 года № 1434 «О некоторых вопросах лицензирования аудиторской деятельности» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аудиторлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1434 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Аудиторлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1434 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1160-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті аудиторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган –лицензиар (лицензиялар (оның ішінде телнұсқалар) беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру) болып айқындалсын.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.