О внесении изменения в решение Улытауского районного маслихата от 12 апреля 2012 года № 19 "Об утверждении Правил определения порядка и размера предоставления жилищной помощи населению Улытауского района" Күшін жойған
Басқа 0
Ұлытау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 19 "Ұлытау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ұлытау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 19 "Ұлытау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-16-81 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 мамырдағы № 18 (5838) "Ұлытау өңірі" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген ереженің 18-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.