О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 12 октября 2012 года № 593 «Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения» Күшін жойған
Басқа 0
«Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4330 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 6 қарашада «Сыр бойы» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы «2» желтоқсандағы № 234 қаулысына
қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2012 жылғы «12» қазандағы № 593 қаулысына
қосымша
Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
№
Арнайы тұрақты
үй-жайлардың атауы
Арнайы тұрақты үй-жайлардың
мекенжайы
Қызылорда қаласы
1.
«Жамағат» дүкені
Әйтеке би көшесі, №10 үй