Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 7 «Об утверждении критериев определения индекса фильма»

Бұйрық · № 179 · қабылданған 27.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2012-no-7/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 7 «Об утверждении критериев определения индекса фильма» Күшін жойған Бұйрық ·№ 179 ·27.06.2016
24.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 7 «Об утверждении критериев определения индекса фильма»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 179 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 7 «Об утверждении критериев определения индекса фильма»
Атауы (қаз.)
«Фильм индексін анықтаудың критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
179
Қабылданған күні
27.06.2016
Көрсетілген редакция
24.12.2018 105155_382170.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014006
ЭКБ идентификаторы
105155
Редакция идентификаторы
105155_382170
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:36

0 «Фильм индексін анықтаудың критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Фильм индексін анықтаудың критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7537 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 18 сәуірде № 162-163 (27237) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Фильмнің индексін айқындау критерийлерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Фильмнің индексін айқындау критерийлері бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген фильм индексін белгілеу критерийлерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Фильмнің индексін айқындау критерийлері»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы Фильмнің индексін айқындау критерийлері (бұдан әрі - Критерии) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдерді көрермендердің жас шегіне қарай топтастыру мақсатында фильмдердің мазмұнына талаптар белгілейді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Критерийлердің 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әр фильмге көрермендердің жас шегіне қарай индекс беріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;

3

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

5 5) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы