О внесении изменения в решение районного маслихата от 12 апреля 2012 года №2/22 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи по Шетскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы
12 сәуірдегі «Шет ауданы бойынша
тұрғын үй көмегін көрсету ережесін
бекіту туралы» №2/22 шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі «Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» №2/22 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттк тіркеу тізілімінде №8-17-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы №21 (10.382) «Шет Шұғыласы» газетінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 17 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«17. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) бөлімге немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.