О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 12 октября 2012 года №593 «Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 593 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4330 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2012 жылғы 6 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы «28» маусым №504 қаулысына қосымша Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «12» қазандағы № 593 қаулысына қосымша Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы № Арнайы тұрақты үй-жайлардың атауы Арнайы тұрақты үй-жайлардың мекенжайы Қызылорда қаласы 1. «Жамағат» дүкені Әйтеке би көшесі, №10 үй 2. «Жанұя» дүкені А. Тоқмағамбетов көшесі, №2 үй, 2-пәтер