О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2013 года № 1217 «Об утверждении типового паспорта антитеррористической защищенности объектов, уязвимых в террористическом отношении» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 887-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортында (бұдан әрі – үлгілік паспорт): 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Объект туралы жалпы мәліметтер»; 1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) басшының, басшы орынбасарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жұмыс, үй және ұялы телефондары)»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Объектінің сипаты»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес объектінің инженерлік-техникалық жарақтандырылуы және терроризмге қарсы қорғалуы туралы мәліметтер»; 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «11. Объекті қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған адамдардың (оның ішінде жеке күзет ұйымы, тәуліктік жасақ, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым жұмыскерлерінің) саны: Жұмылдырылған жұмыскерлердің, қызметкерлердің, әскери қызметшілердің барлығы: __; күндізгі ауысымға: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін; түнгі ауысымға: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін; тәулік бойы: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін. 12. Объекті қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған, оның ішінде тәуліктік жасақтағы, қарауылдағы, кезекші жауынгерлік ауысымдағы жеке күзет ұйымы жұмыскерлерінде, қызметкерлерде, әскери қызметшілерде қару-жарақ пен арнайы құралдардың болуы: қызметтік, табельдік атыс қаруы _______ бірлік. арнайы құралдар ________________________________________________; (әрбір түрінің және моделінің атауы мен саны көрсетілсін) қызметтік (қарауылдық) иттердің саны ___________________________.»; 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-тарау. Объектінің жоспары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)»; 16-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) күзет, тәуліктік жасақтар, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым қызмет өткеретін бекеттер, сондай-ақ техникалық бақылау құралдары, күзет сигнализациясы, бейнебақылау камералары орналастырылған жерлер;» 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «5-тарау. Объекті ғимараттарының (құрылыстарының) қабат бойынша жоспары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)»; 17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 3) күзет, тәуліктік жасақтар, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым қызмет өткеретін бекеттерінің орналасуы;»; 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «6-тарау. Объекті ғимараттарының (құрылыстарының) инженерлік коммуникациялық схемалары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)»; Үлгілік паспорт мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: «Ескертпе. Ішкі істер органдарының мемлекеттік бақылауына жатпайтын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспорттары «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөліністері басшыларымен келісуге жатпайды.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2020 жылғы 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.