О внесении изменения в решение Саранского городского маслихата от 12 декабря 2013 года № 279 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сарани и поселка Актас» Күшін жойған
Басқа 0
Саран қалалық мәслихатының
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
«Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерін белгілеудің және
Саран қаласы мен Ақтас кентінің
мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы»
№ 279 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2491 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылы 16 қаңтарда, «Саран газеті» газетінде 2014 жылы 17 қаңтарда № 3 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері – 100 айлық есептік көрсеткішінен көп емес».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары және Саран қалалық мәслихатының әлеуметтік саланы дамыту және азаматтардың құқығын қорғау заңдылықтарының мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.