О внесении дополнений в решение Сарысуского районного маслихата от 12 марта 2014 года № 26-10 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Сарысускому району" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 26-10 шешіміне толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 26-10 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2155 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 45-46 аудандық «Сарысу» газетіне жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін: 5 тармақта: 1 абзац мынадай редакцияда жазылсын: - Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жинтық табысын есептеу қағидасына» (Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде 2012 жылғы 6 ақпанда № 7412 болып тіркелген) сәйкес анықталды. 6 тармақта: 1 абзац мынадай редакцияда жазылсын: -Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш қабылдау ағымдағы тоқсанның ішінде жүргізіледі және тоқсанға толығымен тағайындалады.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылысы, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.