О внесении изменений в решение Сарысуского районного маслихата от 12 марта 2014 года № 26-10 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Сарысускому району» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 26-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 26-10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2155 болып тіркелген, 2014 жылы 30 сәуірдегі аудандық «Сарысу» газетінің № 45-46 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: аталған шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларындағы: 4 тармақ және 13 тармақтарындағы: «7» сандары «5» сандарымен ауыстырылсын; «200» сандары «300» сандарымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.