О внесении изменений в решение маслихата от 12 сентября 2014 года № 320 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества поселка Горняцкий города Рудного Костанайской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 320 «Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 320 «Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5125 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 10 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Горняцк кенті мен Перцев ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Рудный қалалық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.»; көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Горняцк кенті әкімінің міндетін атқарушы _______ Б. Сандыбаев 25.07.2017 ж.
Басқа 3. Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың 2017 жылғы 25 шілдедегі № 147 шешіміне қосымша Мәслихаттың 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 320 шешіміне қосымша Қостанай облысы Рудный қаласының Горняцк кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы № Елді мекеннің атауы Тұрғындар өкілдерінің саны 1 Горняцк кенті 11 2 Перцев ауылы 4