О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 ноября 2014 года № 459 «Об утверждении Правил осуществления образовательного мониторинга» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9940 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларында: 2-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) әкімшілік деректер – бастапқы статистикалық және балама деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық (сандар көмегімен өлшенетін) және (немесе) сапалық (белгілі бар қағидат және (немесе) белгі бойынша құрылған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері;»; 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 6) білім беру сапасы – білім беру қызметі тиімділігінің кешенді сипаттамасы, сондай-ақ білім алушы мен тәрбиеленуші даярлығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігі;»; 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «6. Білім беру мониторингі келесі түрде жүзеге асырылады: білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде ақпаратты жинау, жүйелі есепке алу, өңдеу, сондай-ақ сақтау, жаңарту және жинақтау арқылы білім беру ұйымдарының қызметін жүйелі түрде байқау; білім басқармалары мен бөлімдерінің орта білім беру ұйымдарындағы оқыту процесін талдау және әдістемелік түзету үшін әдістемелік күндерді ұйымдастыруы мен өткізуі және педагогикалық қауымдастыққа практикалық көмек көрсетуі; әлеуметтік немесе мониторингтік зерттеулер ұйымдастыру (оның ішінде халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулер үшін); білім беру қызметінің нәтижелерін талдау (ұлттық бірыңғай тестілеу, оқушылардың қорытынды бағаларын, халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулер нәтижелерін талдау және салыстыру) түрінде жүзеге асырылады. 7. Құжаттар мен материалдарды жинақтау: білім беру саласындағы уәкілетті органның әкімшілік деректері; мемлекеттік статистикалық есептілік; білім беру сапасының динамикасына әсер ететін факторларға салыстырмалы талдау жүргізу; білім беру ұйымдарын лицензиялау, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және аккредиттеу рәсімдерінің нәтижелері; білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың білім беруді басқару органдары мен білім беру ұйымдарының қызметіне жүргізген тексеру нәтижелері; білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелері; ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері; кешенді тестілеу нәтижелері; педагогтердің біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау туралы деректер; халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулер нәтижелері; мониторингтік зерттеулер нәтижелері; әлеуметтік зерттеулер нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.