О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июня 2014 года № 645 "Об утверждении фиксированных тарифов" Күшін жойған
Басқа 0
«Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Астана қаласындағы «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің объектілері мен инфрақұрылымын салуға инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 390-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге тіркелген тарифтерде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана EXPO-2017» жел электр станциясының жобасы үшін тіркелген тарифті қоспағанда, жел электр станциялары
22,68
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын:
«
1-1
Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана EXPO-2017» жел электр станциясы
59,7
».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.