О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 12 мая 2015 года № 343 «Об утверждении формы заключения об обязательном экологическом аудите» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 343 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 343 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11726 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 тамызда жарияланған.) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанында: Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын: «Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытынды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің ресми бланкінде ресімделеді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов 2017 жылғы 27 ақпан