О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 мая 2016 года № 287 «Об утверждении Правил вывода из эксплуатации ядерных и радиационных установок» Күшін жойған
Басқа 0
«Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 287 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) пайдаланушы ұйым – атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) радиациялық қондырғы – өзіне қатысты үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қоса алғанда, ядролық материалдармен және (немесе) радиоактивті заттармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын, ядролық болып табылмайтын арнайы қондырғы;
4) ядролық қондырғы – табиғи уранды немесе торийді өндіруге және (немесе) қайта өңдеуге арналған қондырғыларды қоспағанда, үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қоса алғанда, мына қызмет түрлерінің біреуі немесе бірнешеуі: ядролық материалды шығару, қайта өңдеу, пайдалану, тасымалдау, сақтау, көму жүзеге асырылатын қондырғы.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ядролық қондырғыларды пайдаланудан шығару тәртібі»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Жобалау құжаттамасының ядролық қауіпсіздігіне және (немесе) радиациялық қауіпсіздігіне, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздігіне сараптама жүргізілуге тиіс. Тиісті оң сараптама қорытындысы алынғаннан кейін жобалау құжаттамасы уәкілетті органға ұсынылады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.