О внесении изменений и дополнения в решение Улытауского районного маслихата от 12 октября 2016 года № 49 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Улытаускому району" Күшін жойған
Басқа 0
Ұлытау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 қазандағы № 49
"Ұлытау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес Ұлытау ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ұлытау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 қазандағы № 49 «Ұлытау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4014 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қазандағы № 44-45 (6068) "Ұлытау өңірі" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 04 қарашасында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ұлытау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 9 тармағы 3-1) тармақшасымен келесі редакцияда толықтырылсын:
«3-1) амбулаториялық емделу кезінде әлеуметтік маңызы (онкологиялық аурумен ауыратындар, иммун тапшылығы вирусы ауруымен ауыратындар) бар аурулардың болуы.»;
15 тармағының 2) тармақшасы және 2, 3 қосымшалары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.