О внесении изменения в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 декабря 2017 года № 133 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Мугалжарском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 133 «Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 133 «Мұғалжар ауданынның аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5770 тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында: 12 тармақтың 10) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «10) әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ (Нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.