О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 12 декабря 2017 года № 17/4 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений на территории городов и населенных пунктов Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4-2)-тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4452 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 3 қаңтарда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларындағы: 3-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
«1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдар салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;»; 23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 23
«23) уәкілетті орган – жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;»; 6 және 7- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 6
«6. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы көгалдандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлерi бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) жасыл екпелерді отырғызу;
Тармақша 2
2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;
Тармақша 3
3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;
Тармақша 4
4) бүкіл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелерді суару;
Тармақша 5
5) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу, ұшарбасты қалыптастыру;
Тармақша 6
6) тыңайтқыштар салу;
Тармақша 7
7) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 9
«9. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету іс-шаралары вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 17
«17. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша қызмет көрсетуді, сондай-ақ жалпыға ортақ жерлердегі жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдар жүзеге асырады.».
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.